$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген режимге көшті

Редакция
01 шілде 2024 11:04 2396
Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген режимге көшті

Көлік министрлігі Астана әуежайы мен вокзалдарының күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін хабарлады. 

Министрлік мәліметінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде елорда әуежайында күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режимі қамтамасыз етілетін болады.

"Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ, Алматы және Қарағандыда қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген", - делінген хабарламада.

ШЫҰ өткізу шеңберінде Астанадағы теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылды.

"Бүгінде пойыздар Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал "Нұрлы жол" теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдап жатыр. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған", - делінген министрлік хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар