$ 461.26 € 542.58 ₽ 6.18

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады

Абдрахманов Мағжан
10 мамыр 2026, 13:30
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады Сурет авторы: gov.kz

Астана қаласында 15 мамыр күні Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, аталған шараға дайындық мақсатында 10 мамырдан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталды. Ұшулар қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қаланың қалыпты тіршілігіне кедергі келтірмейді. Министрлік тұрғындар мен қала қонақтарын жаттығу кезіндегі уақытша шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Көрсетілім кезінде қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің қоршаған ортаға ешқандай зиянды әсері жоқ. Барлық жаттығу жұмыстары қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкестікте ұйымдастырылған және халық үшін қауіп төндірмейді.

Соңғы жаңалықтар