$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астана-Алматы жолы қашан салынып бітетіні белгілі болды

Редакция
24 маусым 2024 03:13 2211
Астана-Алматы жолы қашан салынып бітетіні белгілі болды Сурет авторы: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі Астана мен Алматы арасындағы республикалық жолдың құрылыс барысын көрсетті. Ведомство өкілдері қазақстандықтар жаңартылған жолмен қашан айналма жолдарсыз жүре алатынын хабарлады.

Автотрасса Орталық-Оңтүстік дәлізіне кіреді және жалпы ұзындығы 946 км болатын төрт негізгі бөліктен тұрады: Қарағанды – Балқаш, Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Күрті, Шамалған станциясын айналып өтетін жол.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, жұмыстар аяқталуға жақын. 

«Алматы мен Астана арасындағы жол құрылысының сапасын кореялық Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары қадағалайды. Компания инженерлері техникалық бақылауды жүргізіп, нысанда тұрақты түрде болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалайды. Автомобиль жолдары комитетінің мәліметінше, кейбір учаскелерді осы жаздың ортасынан бастап пайдалануға беріп, қалған бөлігін 2024 жылдың соңына дейін аяқтайды», - делінген хабарламада.

Қарағанды – Балқаш учаскесінде айналма жолдар жоқ. Бұл учаскені осы жылдың қазан айында ашу жоспарланған.

Құрты-Бурылбайтал және Шамалған станциясын айналып өтетін учаскелерді осы жазда тапсыру уәде етілген, ал Балқаш – Бурылбайтал учаскесі 2024 жылы ашылады.

Барлық бөліктерде төрт жолақты қозғалыс болады.

 

Соңғы жаңалықтар