$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астана әкімі LRT- релсінің қай бағыттарға дейін ұзартылатынын айтты

Дулат Абдраманов
30 қазан 2025, 09:29
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін Қосшы қаласына дейін созу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен өткен есептік кездесуде мәлімдеді.
Астана әкімі LRT- релсінің қай бағыттарға дейін ұзартылатынын айтты Сурет авторы: City Transportation Systems

«Қосшы өсіп келе жатыр, болашақта үлкен қала болады. Ол Астананы айтарлықтай жеңілдетіп отыр — нағыз серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында қозғалыс өте белсенді. Келесі кезеңде LRT желісін Қосшы бағытына қарай салуды бастаймыз», - деді әкім.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құрылыс жұмыстары келесі жылдың басында басталуы мүмкін. Жаңа бағыттың бір бөлігі жер үстімен жүргізіледі.

Сондай-ақ LRT-ның басқа тармағы Тұран даңғылы бойымен ескі теміржол вокзалына дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар