$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

«Астана» 1:1 «Зимбру»: Елордадағы тең ойын

Редакция
24 шілде 2025 21:20 45
24 шілде күні Еуропа конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» мен молдовалық «Зимбру» командалары алғашқы матчтарын өткізді. «Астана Аренада» өткен кездесуде қос команда 1:1 есебімен тең тарқасты.
«Астана» 1:1 «Зимбру»: Елордадағы тең ойын Сурет авторы: QR News

Бірінші таймда бастаманы қолға алған қонақтар қарқынды ойын көрсетті. Кездесудің қосымша минуттарында — 45+1-минутта — «Зимбру» ойыншысы Дахан өз командасын алға шығарған гол соқты.

Екінші таймда алаң иелері ширақ қимылдап, таразы басын теңестірді. 56-минутта Башичтің дәл соққысы арқасында есеп 1:1 болды.

Матч барысында екі команда да бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, нәтижелі әрекеттер жетіспеді. «Астана» алаңда басымдық көрсеткенімен, қорғаныстағы қателіктер өз әсерін тигізді.

Қарымта матч келесі аптада Кишиневте өтеді. Қазақстандық команда үшін бұл ойын шешуші болмақ, плей-офф кезеңіне жолдама тағдыры сол кездесуде шешіледі.

Автор: Әмір Жәнібек, Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар