$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Әскердегі өлім: Тоқаев Бас прокурорға 12 күн уақыт берді

Абдрахманов Мағжан
10 қараша 2025 21:40 482
Әскердегі өлім: Тоқаев Бас прокурорға 12 күн уақыт берді Сурет авторы: Raul Uparov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарынан түскен арыздарды мұқият қарап, 12 күн ішінде нақты шешім қабылдауды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Президент Бас прокурор Берік Асыловқа әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан сарбаздардың істерін тергеу кезінде заңның талаптарын сақтау мен әділдікке баға беруді тапсырған.

10 қараша күні азаматтық борышын өтеп жүріп қаза тапқан сарбаздардың туыстары мен ата-аналары Астанадағы Үкімет үйіне жиналып, әскерде реформа жүргізуді және ұлдарының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар