$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Asiana Airlines Алматыдан Сеулге рейстерді қайта бастайды

Редакция
27 ақпан 2026, 10:16
Asiana Airlines Алматыдан Сеулге рейстерді қайта бастайды Сурет авторы: skytraxratings.com

 Asiana Airlines әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Алматы қаласынан халықаралық рейстерді қайта бастайтынын жариялады. Оңтүстік Корея астанасына бағытталған тікелей әуе қатынасы мамыр айынан бастап тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Жоспар бойынша, Алматы мен Сеулдің Инчхон әуежайы арасындағы тікелей рейстер 29 мамырда басталады. Дегенмен ұшу кестесі наурыз айынан бастап кезең-кезеңімен кеңейтілмек:

  • 29 наурыз бен 3 мамыр аралығында: рейстер аптасына үш рет (сейсенбі, жұма, жексенбі) орындалады.
  • 4 мамыр мен 24 қазан аралығында: рейстер жиілігі артып, аптасына бес рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі) қатынайтын болады.

Сеул арқылы транзиттік жолаушылар Жапонияның Токио, Осака, Фукуока, Нагоя, Саппоро, Окинава және Сендай сияқты ірі қалаларына ыңғайлы ауысып салу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта билеттер брондау үшін қолжетімді.

Сонымен қатар елордалық жолаушылардың назарына: Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының жөнделуіне байланысты, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін) Air Astana рейстерінің кестесінде өзгерістер болады. Бұл шектеулер Астанадан Сеулге, Стамбулға, Дубайға және өзге де ішкі бағыттарға шығатын рейстерге әсер етеді.



Соңғы жаңалықтар