$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Арыстанның күшіктерін сатып жібермек болған зообақ қызметкерлеріне үкім шықты

Редакция
27 қыркүйек 2024 09:19 2855
Арыстанның күшіктерін сатып жібермек болған зообақ қызметкерлеріне үкім шықты Сурет авторы: freepik

Қарағанды ​​хайуанаттар бағының үш қызметкері арыстан күшіктерін ұрлап, жеке тұлғаларға сатпақ болғаны үшін сотты болды.

Алайда құқық қорғау органдары олардың жоспарын әшкерелеп, заңсыз мәміле жүзеге аспай қалды.

Арыстанның күшіктері зообаққа қайтарылып, айыпталушылар келтірілген шығынды өтеді.

Сот оларды кінәлі деп танып, 3 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар оларға 2 жыл бойы жабайы жануарлармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар