$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

Абдрахманов Мағжан
16 қаңтар 2026, 10:31
«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты Сурет авторы: Instagram/ f.c.kairat

2026 жылғы 28 қаңтар күні сағат 20:00-де (Алматы уақытымен 01:00) Лондондағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» командастары арасындағы кездесу өтеді.

Матчқа арналған билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылымға қойылды. Айта кетейік, алынған билеттер қайтарылмайды.

Осылайша, қазақстандық футбол жанкүйерлері ағылшын Премьер-лигасының көшбасшысы «Арсеналға» қарсы өтетін тарихи кездесуді стадионнан тамашалап, отандастарымызға қолдау көрсете алады.

Айта кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен кездеседі. Бұл ойын 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.

Соңғы жаңалықтар