$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Әр бесінші қазақстандықтың аллергиясы бар: Қандай өсімдіктер аллергияны қоздырады?

Редакция
11 сәуір 2024 04:07 1382
Әр бесінші қазақстандықтың аллергиясы бар: Қандай өсімдіктер аллергияны қоздырады? Сурет авторы: shutterstock

"OLYMP" клиникалық-диагностикалық зертханашылары Қазақстанда маусымдық аллергияның жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап. Зертханашылардың дерегіне сүйенсек, әр бесінші қазақстандықтың аллериясы бар.

Қандай өсімдіктердің гүлденуі аллергиялық реакция тудырады? Өткен жылдың соңында "OLYMP"-ке осыны анықтау мақсатында 25 мыңнан астам адам жүгінген. Аллергендердің көбеюі Астана мен Алматы, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды.

Зертханашылардың айтуынша, қайың, терек, жусан қазақстандықтардың аллергиясын жиі тудырады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ең көп аллергиямен ауыратындар Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында кездеседі.

Соңғы жаңалықтар