$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу жариялады

Редакция
03 наурыз 2025 09:28 4807
Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу жариялады Сурет авторы: kursivmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арғын Нығматулинге іздеу жариялады. Бұндай ақпарат құқықтық статистика порталында жарияланды.

Арғын Нығматулин — Қазақстанның бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы. Ол түрлі жылдары Қарағанды облыстық мәслихатының екі шақырылымының депутаты, Шығыс Қазақстан облысы Әділет министрлігінің Құқықтық тіркеу комитеті жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Қарағанды қаласының Совет аудандық әкімінің аппаратының басшысы, "Сарыарқа" хоккей клубының директоры болып қызмет атқарған.

2024 жылдың жазында 900 млн теңгеге бағаланған "Сарыарқа" хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Сонымен бірге 37 заңсыз рәсімделген жер учаскесі қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар