$ 460.8 € 541.21 ₽ 6.13

Анасын қорғамақ болған 15 жастағы бала отбасылық жанжал кезінде қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
28 сәуір 2026, 11:31
Анасын қорғамақ болған 15 жастағы бала отбасылық жанжал кезінде қаза тапты Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал салдарынан 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Оқиға 25 сәуір күні болған.

Полиция мәліметінше, жанжал ерлі-зайыпты арасында туындаған. Қақтығыс кезінде 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған.

Әйелдің бұрынғы некеден туған ұлы анасын қорғауға тырысқан. Алайда ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әйелдің жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар