$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Әмина апаның “Перзент” балалар үйі өртенді

Дулат Абдраманов
09 қараша 2025 20:31 107
Әмина апаның “Перзент” балалар үйі өртенді Сурет авторы: Stan.kz

Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын орда көшесі бойындағы ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр.

Анықталған ақпарат бойынша, елімізге танымал Әмина апаның «Перзент» балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты ашық жанған.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 


Әкімшіліктің хабарлауынша, ғимаратта адамдар жоқ – тәрбиеленушілер мен қызметкерлер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сөндіруге оқпандар енгізіліп, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар