$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Әмина апаның өртенген балалар үйін қалпына келтіруге қанша уақыт кететіні белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
10 қараша 2025 16:02 628
Әмина апаның өртенген балалар үйін қалпына келтіруге қанша уақыт кететіні белгілі болды Сурет авторы: Коллаж: Qrnews

Алматы қаласындағы Әмина Әжібаеваның «Перзент» жеке балалар үйінде болған өрттен кейін ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары үш ай ішінде толық аяқталады. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Омбудсмен балалар уақытша орналастырылған сауықтыру санаторийіне барып, олардың жағдайымен танысты.

«Қазір балалар үйінде барлығы 29 бала қалды, алты баланы ата-аналары алып кетті. Бірнеше күннің ішінде оларды мектепке жақын орналасқан қордың басқа ғимаратына көшіру жоспарланып отыр. Ал өрт болған негізгі ғимараттағы жөндеу жұмыстары үш айда аяқталады», – деп жазды Динара Закиева өзінің Instagram парақшасында.

Еске салайық, 9 қараша кешкісін Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшесінде орналасқан “Перзент” жеке балалар үйінде өрт шыққан болатын. Оқиға кезінде ғимаратта 35 бала мен қызметкерлер болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар уақытша сауықтыру санаторийіне көшірілді.

«Перзент» үйі – елге танымал Әмина апа басқаратын қайырымдылық қорының қарамағындағы мекеме.

Соңғы жаңалықтар