Алматының лас ауасы қанға дейін жетеді: тәжірибе не көрсетті
Сурет авторы: ашық дереккөзден
Almaty Air Initiative қоры Алматының көлік көп жүретін көшелерінде бір сағат жүрген еріктілердің қанынан ұсақ қара бөлшектер анықталғанын хабарлады. Тәжірибеге бес адам қатысқан, олардың үшеуі көшеде респираторсыз жүрген. Дәл осы үш адамның қан үлгілерінен эритроциттерге жабысқан күйе бөлшектері байқалған.
Тәжірибе Сәтбаев – Жароков – Абай – Розыбакиев көшелері аралығында жүргізілген. Қатысушылар серуенге дейін және одан кейін қан тапсырған. Екі адам тәжірибе бойы KN95 респираторын таққан, қалған үшеуі қорғаныш құралынсыз жүрген. Қан үлгілері зертханалық жарық микроскопымен қаралған.
Қордың түсіндіруінше, ауадағы аса ұсақ бөлшектер тыныс алған кезде өкпенің альвеолаларына дейін жетуі мүмкін. Олардың бір бөлігі өкпе мен қан арасындағы тосқауылдан өтіп, бірнеше минут немесе сағат ішінде қанға түсе алады.
Алматыдағы тәжірибеге Лондондағы Queen Mary University of London ғалымдарының зерттеуі негіз болған. Онда көлік шығарындыларынан тарайтын бөлшектердің қан айналымына жететіні зерттелген. Лондондағы тәжірибеге 12 ересек адам қатысып, олар бір сағат бойы көлік көп жүретін жолдан он метрге дейінгі жерде болған. Зерттеушілер осыдан кейін қаннан көрінетін бөлшектердің саны екі еседен астам көбейгенін анықтаған.
Сол зерттеуде сегіз ерікті тәжірибені FFP2 респираторымен қайталаған. Қор мәліметінше, респиратор таққан кезде эритроциттермен байланысқан бөлшектердің медианалық ауданы шамамен 64 пайызға аз болған.
Almaty Air Initiative респираторды ауа қатты ластанған кезде қосымша әрі уақытша қорғаныш ретінде қолдануға кеңес береді. Ол мұрын мен ауызды толық жауып, бетке саңылаусыз жанасуы керек. Қор қала тұрғындарының денсаулығын қорғаудың негізгі жолы ластаушы заттардың шығарындыларын тікелей көзінде азайту екенін атап өтті.
Қор келтірген дерек бойынша, 2025 жылы Алматыдағы PM2,5 бөлшектерінің орташа жылдық мөлшері текше метріне 31,2 микрограмм болған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жылдық ұсынымынан 6,3 есе жоғары.
PM2,5 – диаметрі 2,5 микрометрден аспайтын қатты бөлшектер мен сұйық тамшылардың қоспасы. Жол маңындағы ауада олардың құрамына көлік шығарындылары, тежегіш, шина және жол жабынының тозуынан пайда болатын бөлшектер кіреді.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
19 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын