Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
Сурет авторы: Алматы әкімдігі
Алматының Наурызбай ауданына қарасты Ақжар шағынауданында ауқымды жол құрылысы жүріп жатыр. Бұл – аудандағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ең ірі жобалардың бірі. Наурызбай ауданының әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жылдам дамып келе жатқан шағынауданда жол инфрақұрылымының қалай жаңарып жатқанына куә болды.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 45 шақырымнан асатын 89 көшеге заманауи автомобиль жолы салынып жатыр. Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын мердігер «BCS Construction» ЖШС жүргізіп келеді.
Құрылыс бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылып, су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстарымен өзара үйлестірілген. Мұндай тәсіл инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін жаңадан төселген жолды қайта қазуға жол бермейді. Соның арқасында құрылыс сапасын сақтап, бюджет қаражатын тиімді жұмсауға және тұрғындарға келетін қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік туады.
Баспасөз туры кезінде журналистер жол құрылысы жүріп жатқан бірнеше учаскені аралап, орындалған жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда Ақжар шағынауданында шамамен 36 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл жалпы жоба көлемінің 80 пайызға жуығын құрайды.
Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева аталған жұмыс Ақжар шағынауданының инженерлік және көлік инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған ауқымды жобаның жалғасы екенін айтты.
«Мұнда екі жыл бойы су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілді. Инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол салуға кірістік. Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 45,3 шақырым болады және 89 көшені қамтиды. Бұл – ауданымызда қолға алынған ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі», – деді Нәзира Тоғызбаева.
Аудан әкімінің сөзінше, бүгінге дейін жоспарланған жұмыстың басым бөлігі орындалған. Бұған дейін асфальт жамылғысы болмаған ондаған көшеде жол құрылысы толық аяқталды.
«Қазір 36 шақырым жол салынып бітті. Бұрын-соңды асфальт төселмеген 74 көшеде жұмыс толық аяқталды. 2026 жылдың қазан айына дейін қалған жолдарды салып, шағынаудан тұрғындарын заман талабына сай толыққанды жол желісімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті аудан әкімі.
Жаңа жолдардың құрылысымен қатар, Наурызбай ауданындағы қолданыстағы көше-жол желісіне орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар жол жабындысының сапасын жақсартып қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жауын-шашын кезінде су жиналатын учаскелердің мәселесін шешуге бағытталған.
«Орташа жөндеу аясында жалпы ұзындығы 10,4 шақырым болатын 11 көшеде жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі кезде Жандосов көшесінің Медеубеков көшесінен Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралығы кеңейтілуде. Сонымен қатар ағымдағы жөндеу шеңберінде екі көше жөнделді. Бақылау және жаңбыр суын қабылдайтын құдықтардың қақпақтары ауыстырылып, нөсер кәрізі жүйесінің элементтері қалпына келтірілді. Сондай-ақ жол жамылғысының деңгейіне өздігінен бейімделетін люктер орнатылды», – деді Нәзира Тоғызбаева.
Инженерлік коммуникациялар толық салынып біткен учаскелерде мердігер ұйым жолдың негізін дайындап, асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Құрылыс барысында жол төсемінің беріктігіне, су бұру жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған.
Жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы шағынаудандағы құрылыс жұмыстарын бірізге түсіруге мүмкіндік берді. Алдымен су құбыры мен кәріз желілері тартылып, содан кейін ғана жолдың негізі әзірленіп, асфальт төселуде. Бұл болашақта инженерлік желілерге байланысты жол жамылғысын қайта бұзудың алдын алуға тиіс.
Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың қазан айына дейін Ақжар шағынауданындағы көшелерге асфальтбетон жамылғысының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары аяқталмақ. Жоба толық іске асқаннан кейін шағынауданның көлік қолжетімділігі артып, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруы жеңілдейді. Сонымен бірге қоғамдық көліктің қозғалысына, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің кедергісіз қатынауына қолайлы жағдай жасалады.
Ауқымды жоба Ақжар шағынауданындағы жол мәселесін жүйелі түрде шешіп, қалалық ортаның жайлылығы мен қауіпсіздігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын