$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Алматылық жолаушылар үшін жақсы жаңалық: төлем жасаудың жаңа тәсілі пайда болды

Редакция
29 желтоқсан 2025, 11:24
Алматылық жолаушылар үшін жақсы жаңалық: төлем жасаудың жаңа тәсілі пайда болды Сурет авторы: vesti.kz

Алматының қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеудің тағы бір жолы - еліміздегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы қаланың Көлік холдингі хабарлады.

Айта кетейік, мұндай төлем түрін 2021 жылы да енгізуге талпыныс жасалған еді. Алайда платформаларды біріктіру және жолаушылар ағынын есепке алудағы қиындықтарға байланысты одан бас тартқан болатын.

Енді алматылықтар автобустағы QR-кодты сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы Kaspi қосымшасымен төлем жасай алады. Сонымен қатар, үйреншікті әдістер — көлік карталары, мобильді қосымшалар және басқа да нұсқалар өз күшінде қалады.

Жаңа төлем тәсілі бүгіннен бастап іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар