$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматылық блогер аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған

Абдрахманов Мағжан
10 қыркүйек 2025 11:56 679
Алматылық блогер аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған Сурет авторы: mavink.com

Алматы полициясы әлеуметтік желіде ерекше балаларға қатысты қатыгездікке шақырған пікір жарияланғаннан кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Мәселе блогер Райхан Жұмамұратованың жазбасына қатысты. Ол 23 тамыз күні Алматыда болған қайғылы оқиға жөніндегі жазбаның астына «аутизмі бар балаларды өлтіруге» шақырған мазмұнда пікір қалдырған. Сол күні 13 жастағы жасөспірімнің әрекетінен 2 жасар бала зардап шеккені хабарланған болатын.

Ұлттық «Autism Kazakhstan» ассоциациясына көптеген ата-аналардан шағым түсіп, ұйым Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне ресми өтініш жолдаған.

Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. «Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заң аясында шаралар қабылданады. Естеріңізге саламыз, қорлау, әлеуметтік араздықты қоздыру, қатігездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар үшін қылмыстық та, әкімшілік те жауапкершілік қарастырылған», – делінген полиция хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар