$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматылық азамат судьяны жемқор деп атағаны үшін жазаға тартылды

Редакция
01 қараша 2024 07:32 1783
Алматылық азамат судьяны жемқор деп атағаны үшін жазаға тартылды Сурет авторы: GOV.KZ

Алматы облысында азаматтық іс бойынша сот процесіне қатысқан тұрғын төрағалық етуші судьяны сыбайлас жемқор деп айыптап, оның ескертулеріне құлақ аспағаны үшін жазаға тартылды.

Облыстық соттың ресми Telegram-каналында хабарланғандай, азамат жер учаскесін босату және заңсыз құрылыстарды бұзу туралы азаматтық істе жауапкер болған. Сот отырысы кезінде ер адам судьяның талапкер мүддесін қолдайтынын айтып, оны сыбайлас жемқор деп атаған.

«Ол судьяның ескерту сөздеріне жауап бермей, дауысын көтеріп, сот отырысына кедергі келтірді», — деп түсіндірді сот өкілдері.

Сотты құрметтемеу фактісі бойынша іс қозғалып, азаматқа бес тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Кінәсін мойындамаған ер адам соттан ескертумен шектелуді өтінгенімен, сот құқық бұзушылық жасағанын анықтап, тиісті шешім шығарды.



Соңғы жаңалықтар