$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматыдан Куала-Лумпурға тікелей әуе рейсі ашылады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4817
Алматыдан Куала-Лумпурға тікелей әуе рейсі ашылады

Алматы қаласының әкімдігі осы айда Куала-Лумпурға тікелей рейстер ашылатынын хабарлады.

 «Алматыға шетелдік туристер ағыны деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі – жұмыс істейтін әуе қатынасының саны. Алматы қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт және визасыз режим арқылы байланысады. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

 Тоқсейітованың айтуынша, елімізге келетін туристер санын арттырып, туризмді дамытудың негізгі факторларының бірі Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа терминал құрылысының биылғы жылдың маусымында аяқталуы.

 Әкімдік мәліметінше, әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға жетеді. Осылайша, болжам бойынша 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетпек.

Соңғы жаңалықтар