$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматыдағы "вафельді" жол таңбасы: қашаннан бастап айыппұл салына бастайды

Абдрахманов Мағжан
20 қараша 2025 16:27 443
Алматыдағы "вафельді" жол таңбасы: қашаннан бастап айыппұл салына бастайды Сурет авторы: kolesa.kz

22 қарашадан бастап Алматыда “вафельді” жол таңбасының талабын сақтамаған жүргізушілердің әрекеті автоматты түрде тіркеліп, деректер «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне» жолданады. Бұл туралы Kolesa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жүйе әзірге бес ірі көшенің қиылысында жұмыс істейді:

  • Абай – Тұрғыт Озал;

  • Абылай хан – Бөгенбай батыр;

  • Наурызбай батыр – Сәтбаев;

  • Абай – Момышұлы;

  • Назарбаев – Абай.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалған “вафельді” таңбалы қиылыстарға арналған бақылау жүйесі желтоқсан айының басында іске қосылады. Осы мақсатта қала бойынша 43 жаңа бейнекамера орнатылған.

“Вафельді” жол таңбасы қиылыстарда жол қозғалысын реттеп, кептеліс кезінде көліктердің ортасында қалып қоюының алдын алу үшін енгізілген.

Бұл талапты бұзған жүргізушілерге 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл – шамамен 10 350 теңге.

Мамандардың айтуынша, бұл шара жол қозғалысы мәдениетін арттыруға және қаладағы көлік қозғалысын реттеуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар