$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

«Алматыдағы жатақханалар төрт жұлдызды қонақүйлерден кем түспейді»: бағасы қанша?

Редакция
19 тамыз 2026, 14:42
«Алматыдағы жатақханалар төрт жұлдызды қонақүйлерден кем түспейді»: бағасы қанша? Сурет авторы: Depositphotos.com

Алматыда студенттер үшін жайлылықтың жаңа стандарты қалыптасып келеді. Шаһардағы кейбір жатақханалар қызмет көрсету сапасы жағынан сәнді қонақүйлерді жолда қалдыруға дайын. Тіпті студенттерге тәулігіне бес мезгіл тамақ пен арнайы автокөлік тасымалы да қарастырылған. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте студенттік үйлердің қаншалықты өзгергенін және баға саясатын ашып айтты.

Бүгінде мегаполисте 46,2 мың студентті баспанамен қамтып отырған 136 жатақхана жұмыс істейді. Оның 43-і соңғы жылдары ғана пайдалануға берілген заманауи ғимараттар. Мемлекеттік және ұлттық университеттердегі айлық төлем 25 мың теңгеден басталса, жекеменшік оқу орындарында баға көрсеткіші 30 бен 90 мың теңге аралығында құбылады.

Нысанның орналасқан жері мен ұсынылатын мүмкіндіктері бағаға тікелей әсер етеді. Азиз Кажденбектің сөзінше, қалада жеке жуынатын бөлмесі, дербес асханасы мен климат-бақылау жүйесі бар премиум-деңгейдегі студенттік үйлер бой көтерген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық төлемдері бірден жалпы құнға кіреді, ал кей орындар қосымша тасымал мен толыққанды тамақтану сервисін ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар