$ 476.75 € 541.59 ₽ 6.06

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
29 шілде 2026, 11:37
Алматыда жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: depositphotos

29 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:09-да Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Оның координаттары – солтүстік ендіктің 41,357 және шығыс бойлықтың 78,778 градусы.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар жер сілкінісі кезінде сабыр сақтап, лифтіні пайдаланбауға, терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұруға кеңес береді. Жерасты дүмпуі тоқтағаннан кейін ғимараттан шығып, электр желілері, ағаштар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтықта болған жөн.

Соңғы жаңалықтар