$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
28 қыркүйек 2026, 09:55
Алматыда жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: Qrnews/ ЖИ иллюстрациясы

28 қыркүйекте Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен сағат 09:38:07-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Алдын ала есеп бойынша, Алматыда жер сілкінісі 3–4 балға дейін сезілген. Қарасайда (Қаскелең) және Боралдайда – 2–3 балл, Өтеген батыр ауылында 2 балл болған.

Әзірге зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат берілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар