$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
12 тамыз 2026, 12:34
Алматыда жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Алматыда жер сілкінісі сезілді. Жерасты дүмпулері қалада 2 балл шамасында болған, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» сейсмикалық станциялар желісінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

ТЖМ жер сілкінісі кезінде сабыр сақтап, лифтіні пайдаланбауға, терезе мен жиһаздан алыс тұруға кеңес береді. Дүмпу тоқтағаннан кейін көпқабатты ғимараттан шығып, электр желілері, ғимараттар мен ағаштардан аулақ жерде болған жөн.

Соңғы жаңалықтар