$ 489.99 € 580.25 ₽ 6.38

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
17 ақпан 2026, 15:30
Алматыда жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: sb.by

17 ақпан күні сағат 15:08-де Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Android Earthquake Alerts System сервисінің алдын ала дерегіне сәйкес, дүмпудің магнитудасы 5,1 балл болуы мүмкін.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің қарқындылығы мен эпицентрі туралы ақпарат Сейсмологиялық ғылыми орталық тарапынан нақтыланып жатқанын хабарлады.

Қала аумағында нысандардың зақымдануы, қирау фактілері және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы бойынша мониторинг жүргізілуде.

Кейбір тұрғындар дабыл жүйесінің дыбысы естілмегенін мәлімдеді.

Кейінірек Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 17 ақпан күні сағат 15:11-де Астана уақытымен жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар