$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыда жасөспірім колониядан қашпақ болды

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2025, 15:11
Алматыда жасөспірім колониядан қашпақ болды Сурет авторы: Pixabay

Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесінде жасөспірімнің қашуға талпынғаны анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, мекеме қызметкерлері сотталған жасөспірімді дер кезінде ұстаған.

– Кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде сотталған адамның қашуға әрекеттенуі дер кезінде тоқтатылды. Ол жедел түрде ұсталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, – делінген комитеттің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар