$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыда жаңажылдық отшашуды қайдан көруге болады

Редакция
31 желтоқсан 2025, 09:55
Алматыда жаңажылдық отшашуды қайдан көруге болады Сурет авторы: Pinterest

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл жаңажылдық мерекелік отшашу дәстүрлі түрде «Астана» алаңында ұйымдастырылады.

Фейерверк демеушілер есебінен қаржыландырылып, 31 желтоқсан түнгі сағат 00:00-де басталады. Дәл осы алаңда мерекелік негізгі концерт те өтеді деп жоспарланған. Салтанатты іс-шара кешкі сағат 18:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. 

Концерт барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

Соңғы жаңалықтар