$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыда жаңа туған сәбилерді алып, елден шықпақ болған шетелдіктер ұсталды

Абдрахманов Мағжан
01 желтоқсан 2025, 13:12
Алматыда жаңа туған сәбилерді алып, елден шықпақ болған шетелдіктер ұсталды Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы/ Orda.kz

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында суррогат аналардан туған сәбилермен елден шықпақ болған бірнеше шетел азаматы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Болжам бойынша, олар – ерлі-зайыпты шетелдік жұп.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі – кәмелетке толмағандарды саудаға салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс аясында барлық мән-жай толық, объективті және жан-жақты зерттелуі үшін Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің барлық қатысушылары анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар