$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Алматыда жаңа ЭКСПО ғимараты салынады: Қай жерлер мемлекетке қайтарылады?

Редакция
13 сәуір 2026, 14:28
Алматыда жаңа ЭКСПО ғимараты салынады: Қай жерлер мемлекетке қайтарылады? Сурет авторы: Depositphotos.сom

Қала әкімі Дархан Сатыбалды ЭКСПО нысанын салу үшін стратегиялық маңызы бар жер телімдерін мемлекет мұқтажына алу туралы қаулыға қол қойды. Бұл жоба қаланың инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтермек.

Медеу ауданындағы келесі нысандар иеліктен шығарылады:

  • Құлжа трактісі, 92 – 0,56 гектар;

  • Құлжа трактісі, 70/2 – 0,147 гектар;

  • Алматы – Қорғас автотрассасы – 0,25 гектар.

Билік бұл процесті 2027 жылдың соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. Жер иелеріне заң шеңберінде өтемақы төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалада LRT (жеңіл рельсті көлік) желісін жүргізу үшін тағы 270 жер телімі алынатыны белгілі болған еді.

Соңғы жаңалықтар