$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматыда жалдамалы пәтер бағасы 8 жылда алғаш рет арзандады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1397
Алматыда жалдамалы пәтер бағасы 8 жылда алғаш рет арзандады

Алматыда кейінгі сегіз жылда алғаш рет пәтерді жалға алу арзандады. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматыда ақпан айында тұрғын үй нарығындағы баға қаңтармен салыстырғанда үш санат бойынша бірден төмендеген.

Пәтерді жалға алу 2,9 пайызға арзандаған. Бастапқы нарықтағы пәтерлерді сатып алу құны 1,4 пайызға, екінші деңгейлі нарықтағы пәтерлер екінші ай қатарынан 0,4 пайызға арзандаған.

Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы +0,4% өскен. Мұндай өзгеріс Алматыдан басқа Қарағанды ​​(-0,3 пайыз) мен Павлодарда (-0,1 пайыз) байқалады.

Республика бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайызға өскен. Соның ішінде Астанада қайта сату бағасы – +5,3 пайызға қымбаттаған.

Қазақстанда пәтер жалдау ақысы 1,2 пайызға, соның ішінде Семейде 4,4 пайызға арзандады.

Соңғы жаңалықтар