Алматыда үлкен футбол кеші: «Қайрат» «Пафосқа» қарсы ойында Чемпиондар Лигасындағы алғашқы жеңісіне жетуге тырысады
Сурет авторы: "Қайрат" футбол клубы
Бүгін, 21 қазан күні Алматының Орталық стадионында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур ойыны өтеді. Онда қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары кездеседі. Матч сағат 21:45-те басталады.
Екі команда да бұл турнирде әзірге жеңіске жеткен жоқ. «Қайрат» алғашқы екі ойында да ұтылды: сырт алаңда «Спортингтен» 1:4, ал өз алаңында мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді.
Алматылық клуб жалпы кезең аясында сегіз матч өткізеді: төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Алдағы кездесулер кестесі төмендегідей:
-
6 қараша: «Интер» – «Қайрат» (01:00)
-
26 қараша: «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
-
9 желтоқсан: «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
-
20 қаңтар: «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
-
29 қаңтар: «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)
Ойын алдындағы жағдай
УЕФА жариялаған болжамды құрамға сәйкес, «Қайраттың» негізгі құрамында Анарбеков, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Қасабулат, Арад, Громыко, Мринский, Сәтпаев және Жоржинью алаңға шығуы мүмкін.
Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команда жақсы дайындалғанын айтты.
"Балалар өздерін жақсы жағынан көрсетуге дайын. Біз ойынды оңтайлы құраммен бастаймыз. Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, тарихта өз атымызды қалдырғымыз келеді", – деді ол.
Кипрлік «Пафос» клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо да алдағы ойынға үлкен мән беріп отыр.
"Бізге қарсылас болатын команда деңгейі бізге ұқсас. «Қайрат» соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Бұл ойын – Еуропада қаншалықты алға жылжығанымызды көрсетуге мүмкіндік", – деді ол.
Билет бағасы мен жанкүйерлердің наразылығы
Чемпиондар лигасы аясындағы ойынға билеттер бір апта бұрын сатылымға шыққанымен, жартысынан азы ғана сатылған. Бұған дейін «Реал Мадридке» қарсы матчтың билеттері санаулы сағаттарда сатылып кеткен еді.
Бұл жолы билет бағасы өзгеріссіз қалды: 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Тек 30 және 75 мың теңгелік секторлардағы орындар саны артқан. Алайда мұндай баға көп жанкүйердің наразылығын туғызды. Әлеуметтік желілерде «Кипр командасымен ойын үшін билет тым қымбат» деген пікірлер жиі жазылып жатыр.
«Қайрат» ойыншысы Еркін Тапалов бос трибуналар ойыншыларға қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді.
"Бұл біздің ойынымызға еш әсер етпейді. Біз қандай жағдайда да жеңіске ұмтыламыз. Жеңіс үшін ойнауға тырысамыз. Қаламыз бен елімізге тарихи жеңіс сыйлауға ниеттіміз. Бізді шын жанкүйерлер қолдайтынына сенеміз", – деді ол.
Қала әкімдігі тұрғындар мен жанкүйерлерден жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұрады. Матч кезінде көлік қозғалысы Абай даңғылы, сондай-ақ Байтұрсынұлы, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде уақытша шектеледі.
Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлердің ыңғайы үшін қосымша 60 автобус қатынайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаевтан кейін Путин де Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды
12 сағат бұрын
-
Қазақстанда жеке мектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылады
13 сағат бұрын
-
Әскерге кеткендерге несие берілмеуі мүмкін
14 сағат бұрын
-
Шопандар 55 жастан бастап әлеуметтік төлем ала алады
15 сағат бұрын
-
«Ер адам мысықты ұрса, ертең әйеліне де қол көтереді»: ММА жауынгері тұрмыстағы зорлықты ерте тану жолдарын айтты
16 сағат бұрын
-
Қазақстанда сатылған автокөліктердің 40%-ға жуығы қытайлық брендтер
17 сағат бұрын
-
Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды
18 сағат бұрын
-
Илон Маск төрт секундта әлемдегі орташа жылдық табысқа тең қаржы табады
18 сағат бұрын
-
321 млн теңге шығын: Оңтүстік Қазақстан университетінің экс-директоры сотқа тартылды
19 сағат бұрын
-
Астанада жасанды интеллекті бар MISSO хирургиялық роботы іске қосылды
19 сағат бұрын
-
Испанияда пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам қаза тапты
19 сағат бұрын
-
Ирандағы наразылықтар: 3 мыңнан астам адам қаза тауып, жаппай өлім жазасы тоқтатылды
20 сағат бұрын
-
Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған әйел қамауға алынды
20 сағат бұрын
-
Nurorda мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық олимпиадада топ жарды
3 күн бұрын
-
Қазақстан ақылы демалыс күндері бойынша әлемдегі үздік 15 елдің қатарына енді
3 күн бұрын
-
Петропавлда емханаға шыққан зейнеткер аязда үсіп қайтыс болды
3 күн бұрын
-
2026 жылы құжат рәсімдеу қанша тұрады?
3 күн бұрын
-
Билеттерге талас басталды: BTS әлемдік турнесінің кестесін жариялады
3 күн бұрын
-
Әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға үкім шықты
3 күн бұрын
-
Павлодарлық оқушылар Халықаралық Жәутіков олимпиадасында топ жарды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға бас бостандығынан айырылды
3 күн бұрын
-
«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайы бағытын өзгертті: 300 мың тонна шикізат Еуропа мен Азияға бағытталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті
3 күн бұрын
-
Ол - нағыз умница»: Беларусь лидері Тоқаевтың қай қасиетіне тәнті болды?
3 күн бұрын
-
Мария Мачадо Дональд Трампқа Нобель сыйлығының медалін табыстады
3 күн бұрын
-
Шымкент мектептерінде не болып жатыр? Полиция шұғыл мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Air Astana әуе флотын жаңарту үшін триллиондаған теңге жұмсамақ
4 күн бұрын
-
Бибігүл Жексенбай аудандық және облыстық баспасөз мұрағатын сақтаудағы проблемаларды көтерді
4 күн бұрын
-
Ғимараты тозық, білімі озық: Берік Уәли Семейдегі БИЛ-ге арнайы барды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда «ЖИ-имам» пайда болады: ҚМДБ жаңа жобаны таныстырды
4 күн бұрын
-
АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 миллион долларға сатты
4 күн бұрын
-
Қазақстан дипломдары Қытай мен Жапонияда мойындалады
4 күн бұрын
-
АҚШ 24 сағат ішінде Иранға соққы беруі мүмкін
4 күн бұрын
-
Ресейлік комментатор қазақстандық балаларды балағаттады
4 күн бұрын
-
Ресейдегі «Северсталь» комбинатында екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды
4 күн бұрын
-
АҚШ қазақстандықтарға иммиграциялық виза беруді тоқтатты: нені білу керек?
4 күн бұрын
-
Air Astana Иранды айналып ұшатын жаңа маршруттарды енгізді
4 күн бұрын
-
2026 жылы үй бағасы қалай өзгереді? Halyk Finance болжамы
5 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайына жасалған шабуыл: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді
5 күн бұрын
-
Айыппұл рекорды: бір облысты қамтамасыз ететін қаржы жиналды
5 күн бұрын
-
Қазақстанда жерлеу және зираттарды күтіп ұстаудың жаңа ережелері бекітілді
5 күн бұрын
-
Елімізде жасырын тыңшылыққа жол ашық па: депутат электронды құрылғылар нарығын реттеуді талап етті
5 күн бұрын
-
80 теңгеге де өтпей тұр: депутат экспортқа тыйым салуды сынға алды
5 күн бұрын
-
БИЛ оқушылары пәндік олимпиадада 1485 медальмен рекордтарын жаңартты
5 күн бұрын
-
Кинотеатрлар монополиясы: Қазақ киносы неге қарызға батып жатыр?
5 күн бұрын
-
Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады
5 күн бұрын
-
200 еуродан асатын тауарға жаңа салық енгізілді
5 күн бұрын
-
Ирандағы наразылықтар: қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады
5 күн бұрын
-
Қайсар Қамзаның 182 мың доллары бұғатталды
5 күн бұрын