$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматыда тағы жер сілкінді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4126
Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда 25 ақпан сағат 10.16 минутта жер сілкінді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансаларының желісіндегі ақпарат өңделуде.

Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтыланып жатыр. 

Сейсмикалық стансаларда сағат 10.14-те Алматыда жер сілкінісі тіркелген. 

Жер сілкінісі Алматыдан 261 шақырым жерде  Қытай аумағында болған. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.3.

MPV магнитудасы – 5.9.

Эпицентрдің координаттары 414.10° С. Е. 78.32° ш. б.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Анықталғаны туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматыда 3 балл.

Соңғы жаңалықтар