$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады

Абдрахманов Мағжан
21 желтоқсан 2025, 16:06
Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады Сурет авторы: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті оқиға орнынан көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған жайттың өзге мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған бейресми мәліметке сәйкес, жанжал оқу үлгеріміне байланысты шыққан болуы мүмкін. Алайда кейбір қолданушы студенттің аталған оқытушымен сабақта тікелей байланысы болмағанын, басқа кафедрада оқитынын жазып жатыр.

Оқиға ALT University аумағында болғаны айтылуда. Құқық қорғау органдары бұл деректерді әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар