$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады

Редакция
18 маусым 2026, 10:23
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады Сурет авторы: kolesa.kz

Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша, 20 маусымнан бастап Саин көшесінің бойында қоғамдық көліктерге арналған бөлінген жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.

Жаңа жолақ Рысқұлов даңғылынан бастап Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылады. Қазіргі таңда жол қызметтері тиісті жол белгілерін орнатып, арнайы сары түсті таңбалау жұмыстарын жүргізуде. Аталған дайындық шаралары 19 маусымға дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Жауапты басқарманың мәліметінше, бұл бастама қаланың ең жүктелген бағыттарының бірінде қоғамдық көлік қозғалысын жеделдетуге және автобустардың жалпы автокөлік ағынына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, орнатылған жол белгілері мен таңбалау сызықтарына назар аударуды, сондай-ақ жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар