$ 491.29 € 562.92 ₽ 6.1

Алматыдағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары үшін фотоаймақтар ұйымдастырылды

Редакция
15 наурыз 2026, 08:03
Алматыдағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары үшін фотоаймақтар ұйымдастырылды

Алматыда референдум күні сайлау учаскелері ерекше безендірілді. Қаладағы барлық дауыс беру орындарында тұрғындарға арналған заманауи фотоаймақтар орнатылып, мерекелік атмосфера қалыптастырылды. Бастаманың мақсаты – азаматтардың өз таңдауы мен маңызды күнді естелікке қалдыруына мүмкіндік беру.

Фотоаймақтар бірыңғай стильде жасалып, арнайы пресс-уоллдар, баннерлер, едендік навигация белгілері және символикалық көркем элементтермен толықтырылған. Дауыс беруге келген алматылықтар бұл орындарда естелік суретке түсіп, фотоларын әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісуде.

Мәселен, №89 сайлау учаскесіне келген тұрғындардың бірі референдумға қатысу өзі үшін ерекше әрі тарихи сәт екенін атап өтті. Оның айтуынша, осындай фотоаймақтардың ұйымдастырылуы сол күннің маңызын арттырып, естелік ретінде сақтауға мүмкіндік берген.

Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай бастама дауыс беру күніне ерекше көңіл күй сыйлап, оны мерекелік әрі есте қаларлық оқиғаға айналдырды. Көпшілік естелік суретке түсіп, әсерлерін жақындарымен және достарымен бөлісіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар