$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматыда NFA Expo-2025 халықаралық көрмесі өтеді

Редакция
19 қараша 2025 17:41 109
Алматыда NFA Expo-2025 халықаралық көрмесі өтеді

26–28 қараша аралығында Алматыдағы «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Орталық Азиядағы азық-түлік емес тауарлардың ең ірі алаңы – NFA Expo-2025 4-ші халықаралық көрмесі өтеді.

Көрмеге Қазақстан, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің өндірушілері, байерлері, сауда желілері мен маркетплейстердің өкілдері қатысады. Қонақтарды жаңа келісімшарттар, b2b кездесулер және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері күтеді.

Биылғы жылы көрме бөлшек сауда технологиясы бағытымен кеңейтіліп, заманауи IT-шешімдер, маркетинг, дизайн және цифрлық құралдар ұсынылады.

Экспозицияның негізгі бөлімдері:

  • үй және тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ,

  • тоқыма және интерьер,

  • косметика мен парфюмерия,

  • тұрмыстық химия және гигиена құралдары,

  • сыйлықтар мен кәдесыйлар,

  • кеңсе және балалар тауарлары.

Көрмеге Италия, Қытай, Латвия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Беларусь компаниялары қатысады. Ірі қатысушылар қатарында – 2К, Aprel Uz, Joby Home, KLEESOFT KZ, Lafarfor, Liby, Royal Farfor, Satbayev University, Zeta және басқа да танымал брендтер бар.

Қытайдың ұлттық павильонында Чжэцзян, Шаньдун, Сычуань, Гуандун және Цзянсу провинцияларынан келген жетекші өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.

Биылғы жылы меншікті сауда маркаларын (Private Label) дамытуға ерекше көңіл бөлінген. NielsenIQ дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстанда мұндай өнімдердің үлесі екі есеге артқан.

Кәсіби келушілер үшін Magnum, Small, Анвар, Toimart, Korzinka, Wildberries, Flip.kz, Fix Price, bi1, Globus сияқты ірі сауда желілерінің қатысуымен b2b сессиялар мен байер бағдарламасы ұйымдастырылады.

Көрме барысында өндірушілерге арналған бизнеске кеңес беру орталығы, логистика, сертификаттау және қаржылық шешімдер бойынша қызметтер ұсынылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтеді.

🔗 Толығырақ: www.non-food.asia

Соңғы жаңалықтар