$ 522.38 € 612.6 ₽ 6.54

Алматыда нәрестелерді сату «бизнесі» әшкереленді

Редакция
12 желтоқсан 2025, 12:13
Алматыда нәрестелерді сату «бизнесі» әшкереленді Сурет авторы: Gov.kz

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Polisia.kz хабарлағандай, ұйымдастырушылар қыздардың қиын жағдайын пайдаланып, оларды жаңа туған нәрестелерді үшінші тұлғаларға сатуға көндірген.

«Барлық қатысушы ұсталды. Қазіргі таңда 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүліктерін тәркілеу жазасы күтіп тұр», — деді ІІМ.

Полиция жалпы алты нәрестенің сатылған анықтады. Сонымен қатар адам саудасының шамамен 30 фактісі тіркелді.

Абай ауданында адамдарды күштеп еңбекке тарту фактілері де анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Сонымен қатар полиция Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында түнгі клубтар мен мекемелерде адамдардың қауіпсіздігін тексерді.

Астанада прокуратурамен бірге рейд өткізілді. Нәтижесінде жыныстық мақсатта адамдарды пайдаланатын притондарды ұйымдастырған сегіз адам жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар