$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматыда қылмыстық топ үйсіз жүргендерді ұрлап, несие рәсімдеткен

Редакция
02 сәуір 2024 03:43 4822
Алматыда қылмыстық топ үйсіз жүргендерді ұрлап, несие рәсімдеткен Сурет авторы: Polisia kz

Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерді ұрлап, олардың атынан несие рәсімдеген қылмыстық топ құрықталды.

Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Соңғы жаңалықтар