$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Алматыда көлік тұрақтарының бағасы өседі

Абдрахманов Мағжан
30 қыркүйек 2026, 17:22
Алматыда көлік тұрақтарының бағасы өседі Сурет авторы: instagram @almaty.parking

4 қазаннан бастап Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтарда жаңа тарифтер күшіне енеді. Тұрақ ақысы сол аумақтағы көлік қозғалысының қарқыны мен автотұрақ орындарына сұранысқа қарай сағатына 100, 150 немесе 200 теңге болады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Көлік қозғалысы салыстырмалы түрде аз аумақтарда қазіргі тариф сақталып, сағатына 100 теңге болады. Жүктемесі орташа жерлерде – 150 теңге, ал автотұрақ орны тапшы әрі көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда сағатына 200 теңге төлеу қажет.

Сонымен бірге автотұраққа іргелес үйлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша тұрақты тегін пайдалана алады.

Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, сағатына 100 теңге болатын қазіргі тариф 2016 жылдан бері өзгермеген. Осы аралықта қаладағы көлік саны 1 миллионнан асқан.

Әкімдік жаңа тарифтер автотұрақ орындарының босауын жеделдетіп, жүргізушілердің бос орын іздеуге кететін уақытын қысқартады деп есептейді. Сондай-ақ көлікті тоқтату және қою ережесін бұзу азаяды деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар