$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыда ҚазҰУ студенті 14-қабаттан құлап көз жұмды ⠀

Дулат Абдраманов
31 шілде 2025, 09:32
Алматыда ҚазҰУ студенті 14-қабаттан құлап көз жұмды ⠀

30 шілде күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан құлап, қаза тапты. Бұл ақпаратты Алматы қаласы Полиция департаменті растады. ⠀

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында. ⠀

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиғаның себебі отбасылық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар