$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматыда ірі контрабандаға қатысушылар сотталды

Редакция
21 шілде 2025 10:34 193
Алматыда ірі контрабандаға қатысушылар сотталды Сурет авторы: Бейнеден скриншот

Алматы қаласында Қытайдан тауарларды заңсыз алып өтіп, жалған шот-фактуралар рәсімдегендерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл контрабанда мемлекетке 10 миллиард теңге көлемінде зиян келтірді. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу нәтижесінде «Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді елімізге заңсыз кіргізгені белгілі болды. Олардың бақылауындағы 10 жауапкерлігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекетке 643 млн мемлекет бюджетіне өндіріп алынды.

Аталған компаниямен серіктес болған 47 кәсіпорын өзара есеп айырысуды тоқтатып, мемлекетке 240 млн салық төлеген.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл іске қатысты тағы да бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Автор: Бекарыс Сейдахмет

Соңғы жаңалықтар