$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Алматыда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы іске қосылуы мүмкін

Абдрахманов Мағжан
20 сәуір 2026, 11:18
Алматыда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы іске қосылуы мүмкін Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматыда ескі автокөліктерді сатып алу бағдарламасын іске қосу ұсынылды. Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған, деп хабарланды экологиялық кеңес отырысында.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды ескі, экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктерді сатып алып, кәдеге жарату үшін арнайы компания құруды тапсырды. Бұл ұйым автопаркті жаңартумен айналысады.

Жобаны қалалық құрылымдармен және Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта жеке еншілес ұйым құру мүмкіндігі қарастырылуда.

Сондай-ақ тұрғындарға қолдау шаралары ұсынылмақ. Олардың қатарында жеңілдетілген несие, лизинг және Trade-In бағдарламалары бар. Бұл азаматтарға экологиялық талаптарға сай жаңа көлік алуды жеңілдетеді.

Билік өкілдері бұл шаралар қала көшелеріндегі ескі көліктер санын азайтып, ауаның ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп күтеді.

Соңғы жаңалықтар