$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматыда екі жасар баланың асқазанынан 105 магниттік моншақ алынды

Редакция
28 ақпан 2025 02:39 3609
Алматыда екі жасар баланың асқазанынан 105 магниттік моншақ алынды

Алматылық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан 105 магниттік моншақты хирургиялық жолмен алып тастады, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. 

Бала 20 ақпанда жедел медициналық көмек орталығына түскен. Ата-аналары оның бір апта бұрын қонақта болғанда магниттерді жұтып қоюы мүмкін екенін болжаған. Рентгенография нәтижесінде іш қуысында көптеген металл заттар анықталды. Алғашында дәрігерлер моншақтарды эндоскопиялық әдіспен алуға тырысқанымен, олардың тығыз жиналуына байланысты хирургиялық араласу қажет болды.

Операция сәтті өтіп, бала реанимациядан кейін хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

Соңғы жаңалықтар