$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды

Абдрахманов Мағжан
03 сәуір 2026, 09:27
Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды Сурет авторы: kolesa.kz

Алматыда «Stop-бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде екі күннің ішінде 2 мыңнан астам автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция мәліметінше, рейд барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 4828 дерегі анықталған. Оның ішінде көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарудың 44 фактісі, жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік басқаруының 8 дерегі тіркелген.

Сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмір пайдаланудың 8 фактісі және қарсы жолаққа шығудың 15 жағдайы анықталған.

Рейд барысында шетелдік тіркеудегі көліктерді қоса алғанда, 2000-нан астам автокөлік арнайы айыптұрақтарға жеткізілген.

Полиция қалада бақылау шаралары күшейтілген режимде жалғасып жатқанын хабарлады. Қосымша күштер басқа өңірлерден тартылып, қалаға кіреберістер мен негізгі магистральдарда сүзгі бекеттері ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар