$ 486.2 € 557.82 ₽ 6

Алматыда екі күн жарық болмайды

Редакция
16 наурыз 2026, 12:48
Алматыда екі күн жарық болмайды Сурет авторы: pavlodarnews.kz

18-20 наурыз аралығында оңтүстік астананың электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлауынша, бұл шаралар электрмен жабдықтау сапасын жақсарту мен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Компания өкілдері жұмыстардың алдын ала бекітілген кесте бойынша жүретінін айтты. Әдетте, жөндеу шаралары орта есеппен 1,5-2 сағатқа созылады. Алайда, желілердегі жұмыс барысына байланысты кейбір аумақтарда уақытша шектеулер болуы мүмкін.

Энергетиктердің айтуынша, мұндай техникалық жұмыстар желілердің сенімділігін арттырып, болашақта ірі апаттардың алдын алу үшін маңызды. Тұрғындарға өзіне қатысты мекенжайлар бойынша нақты ақпаратты компанияның ресми сайтынан тексеру ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электр энергиясының шекті бағасы өзгеретіні туралы хабарланған болатын. Кейбір тұтынушылар үшін тариф өссе, кейбірі үшін төлем мөлшері төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар