$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматыда бір түнде 17 жол апаты тіркелді: зардап шеккендер бар

Дулат Абдраманов
05 қараша 2025 09:31 62
Алматыда бір түнде 17 жол апаты тіркелді: зардап шеккендер бар Сурет авторы: novostipmr.com

Алматыда 18:00-ден 06:00-ге дейін қалалық Полиция департаменті 17 жол-көлік оқиғасын тіркеді. Апаттар салдарынан алты адам жарақат алды, деп хабарлады қалалық полиция.

Құзырлы орган алғашқы қар әрдайым жүргізушілер үшін сынақ екенін еске салды. Сондықтан көлік иелеріне қысқы дөңгелекке уақтылы ауысуды және жолда барынша сақ болуды ескертеді.


«Жол беті тайғақ болады, тежеу жолы ұзаруы мүмкін. Бірақ көптеген автожүргізушілер ауа райы мен жол жағдайын ескермейді», – деді Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Соңғы жаңалықтар