$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Алматыда айдауылдау көлігінен қашып кеткен қылмыскер іздестіріліп жатыр

Редакция
05 желтоқсан 2024 02:28 1341
Алматыда айдауылдау көлігінен қашып кеткен қылмыскер іздестіріліп жатыр Сурет авторы: Алматы ПД

Алматы қаласының полиция департаменті айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен сотталушыға іздеу жариялады.

Полиция мәліметінше, 1996 жылы туған Аубакри К.Е. кеше кешкі уақытта конвойлық автокөліктен қашып кеткен.

"Іздеудегі адамның белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгісі – мұрны қисық", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті оны көрген немесе орналасқан жері туралы ақпарат білетін азаматтарды келесі телефондарға хабарласуын сұрады:
8-701-758-67-60;
8-778-158-54-44;
254-40-42 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар