$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматыда автотұрақ бағасы қымбаттайды

Редакция
17 наурыз 2025 03:47 1081
Алматыда автотұрақ бағасы қымбаттайды Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматыда автотұрақ бағасы биыл жазда қымбаттайды. Бұл туралы ақпанда қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеген еді.

"Биыл жаздан бастап автотұрақ бағасы айтарлықтай көтеріледі. Бұл – барлық ірі қалалардағыдай көліктерді шектеу үшін қажет шара. Сонымен қатар қаланы ауаны ластайтын шығындылар аз болуы тиіс аймақтарға бөлеміз", – деген болатын мегаполис басшысы.

Осыған байланысты Kazinform агенттігі қалалық мобильділік басқармасына қарасты «Алматы паркинг» мекемесіне тұрақ құны қаншалықты қымбаттайтыны туралы сұрау салды.

"Қазіргі уақытта әртүрлі аудандардағы тұрақ құнын өзгерту және тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл шаралар кешенді жұмысты қажет етеді", – деп жауап берді мекеме өкілдері.

Сондай-ақ "Алматы паркинг" қабылданған шешім туралы қосымша ақпарат жарияланатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар