$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Алматыда автобус жүргізушілері демалыссыз жұмыс істеген

Редакция
06 қаңтар 2025 07:58 4793
Алматыда автобус жүргізушілері демалыссыз жұмыс істеген Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының ең ірі жолаушылар тасымалдаушы компаниясында 1 656 автобус жүргізушісінің еңбек заңнамасы бұзылғаны анықталды, деп хабарлады прокуратура.

«Бұзушылықтар жұмыс уақытының шектен тыс артуы, ауысымаралық демалыс уақытының қысқаруы және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуі түрінде көрініс тапты», – деп мәлімдеді прокуратура.

Мұндай жағдайлар жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Құқық қорғау органдары тасымалдаушы компанияның атын атамағанымен, оның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және барлық бұзушылықтардың жойылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар